2022 жылы туған балаға алғашқы медициналық көмекті Ақмола құтқарушылары көрсетті, — деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға «Лагуна» демалыс аймағында болды. Жағалауда патрульдеу кезінде құтқарушылар суда кішкентай баланы байқап қалған, осы уақытта демалушылардың бірі балаға қарай жүгіріп бара жатқан. Құтқарушылар дереу жағаға шығып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, қызға тұншығу қаупі төнген болатын.
Қуанышқа орай, қыз аман-есен. Қызметкерлер қыздың өкпесін судан тазартып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Белгілі болғандай, бір жасар бала жалғыз, ата-анасының қарауынсыз болған. Суға құлап кетіп тұншыға бастаған. Көмекке бірінші келген әйел демалушы болып шықты.
Ақмола облысының ТЖД балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауларыңызды сұрайды!
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.