Дүйсенбі, Шілде 15, 2024
17.6 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаҰлттық экономика министрі Ақмола облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Ұлттық экономика министрі Ақмола облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шортанды ауданының тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралады.

Министрмен кездесуге келген жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, су, жылу және электрмен жабдықтау мәселелері көтерілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда, әсіресе жазғы маусымда, ауыз су жиі болмай қалады.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі тарапынан су құбыры желілерін қайта құру жобасы әзірленуде. Ол аудан орталығын сумен жабдықтау мәселесін шешуі тиіс.

Ә.Қуантыров, сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда, ҰЭМ әкімдікпен бюджеттік өтінімді уақытында уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) ұсыну мәселесін пысықтайды деп сендірді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары қазандық салу және көп пәтерлі үйлерді орталық жылуға қосу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.

Министр Шортанды ауданы Дамса ауылындағы орталық қазандық пен жылу желілері құрылысының жобасы жан-жақты қарастырылатынын айтып, осы сұрақты бақылауға алатынын атап өтті. Жобаны қаржыландыру жоспарлы тәртіппен қаралатын болады.

Өз кезегінде, Төңкеріс станциясының тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты желілерді қайта құру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Ә.Қуантыров бұл мәселе келесі жылы облыстық әкімдіктен бюджеттік өтінім түскеннен кейін міндетті түрде қарастырылатынын айтты.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Шортанды кентіндегі «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 254 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген Демалыс орталығын аралады.

Жаңартылған орталықтың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, барлық жастағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынға айналды.

Кешен көрермендер залымен, көркемөнер шеберханасымен, би студиясымен, кітапханамен және коворкинг-орталықпен жабдықталған. Балаларға арналған театр, домбыра, хореография, эстрадалық ән айту мен әйелдер вокалдық тобы секілді үйірмелер қайта іске қосылды.

Өңірде бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық экономика министрі жұмыс сапары аясында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен стадионға барды.

Жалпы сыйымдылығы 1250 орын болатын аренада заманауи жасанды төсем орнатылып жаңа жүгіру жолдары салынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың бес айында Шортанды ауданында 4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгені құрады, жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 6,3%-ға артты. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету – 100% құрайды.

t.me/presseconomy

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі кеңес: өзекті мәселелер мен шешімдер

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесіне ҚР Президенті Іс Басқармасының, туризм, экономика, көлік және экология...

Ерікті мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарды тазарту және абаттандыру жұмыстарына қатысты

А.ж. 11 шілдеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Департамент жанындағы «Еріктілер кеңесінің» мемлекеттік қызметші-еріктілері,...

Ақмола облысында cот әкімшілеріне сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік түсіндірілді

Жемқорлықтың алдын алу аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Сот әкімшілігі департаментімен және облыс соттарының әкімшілерімен семинар өткізді. Кездесу барысында превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай...

Мемлекеттік қызметтегі өзекті кадрлық мәселелер талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметі өкілдеріне арналған семинар өткізді. Семинарда Департаменттің мемлекеттік қызмет...

Университет түлектері мемлекеттік қызметке шақырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен жоғары оқу орындары арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Департамент басшысы Думан Әбілев...