Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауМамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

Мамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін өңірдің автомобиль жолдарында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің  қозғалысына шектеу енгізілді және ол 2023 жылғы 23 наурыздан 1 мамырға дейін қолданылады.

«Ауыр жүк көлігінің қозғалысы бойынша шектеулер халықаралық тасымалдарға, сондай – ақ жол құрылысына қажетті және төтенше жағдайлардың алдын алу немесе жою үшін қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек және жүктерді тасымалдауға қолданылмайды», – деп атап өтті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен өңірлік көліктік бақылау инспекторлары бірлесіп, автомобиль жолдарындағы ауыр жүк көлігі қозғалысына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында мамандар жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасы мен тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптардың сақталуын бақылайды. Сондай – ақ, көлік құралдарының салмағы мен олардың габариттік өлшемдері өлшенеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...