Пятница, 20 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотМас күйінде көлік басқарған имам 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Мас күйінде көлік басқарған имам 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 23 шілдесінде сағат 03:00 минут шамасында айыпталушы Бурабай кенті Кенесары көшесі  түнгі клубтың қасында автокөлігін алкогольдік масаң күйінде, Жол жүрісі қағидаларының 12-бөлігінің 2-тармағындағы құқық бұзушылықты жасап, басқарған.

Бурабай аудандық сотында өткен сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін айтқан.

Алайда, әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайлары жол полициясы инспекторының баянатымен, автокөлікті масаң күйде басқарғандығы жөніндегі мән-жайларды дәлелдеу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен,  ер адамның алкогольдік масаң күйде екендігін анықтау туралы 2024 жылғы 23 шілдегі медициналық куәландыру қортындысымен, онымен оның танысып, оған ешқандай қарсылықтар келтірілмегендігімен, бейнежазбамен расталған.

Бұдан бөлек, сот отырысында зертелген бейнежазба бойынша, мас болу дерегін аңықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде, дерігер қойған сұраққа  ер адам сыра іштім деп, жауап берген.

«Сот қаулысымен  ер адам  Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған осы бап бойынша 15   тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — деді ведомстводан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Степногорск қаласының тұрғындарына көшпелі консультативтік-құқықтық көмек ұйымдастырды. Аталған акцияны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті...

Антикор Ақмола құрылысы ұзаққа созылған объекттерді бақылауды жалғастыруда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы сыни тұрғыдан кешіктірілген әлеуметтік маңызы бар объектілерді сүйемелдеуге мониторинг жүргізілуде. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, құрылыс-монтаждау...

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...