ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Ақмола облысының жергілікті (бұдан әрі — ЖАО) және орталық (бұдан әрі — ОАО) атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері үшін семинар-кеңес ұйымдастырып, онда 2024 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингінің, сондай-ақ қашықтықтан, аралас қашықтықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режимін қолданудың қорытындылары талқыланды.
Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің (бұдан әрі — ҚББЖ) мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында 227 мемлекеттік қызметшіні жалпы ұзақтығы 500 сағат 22 минут қосымша жұмыс уақытына негізсіз тарту фактілері анықталды.
Департаменттің хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік органдарда демалыс беру туралы актілер шығарылды.
Мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс берушінің актісі бойынша 427 мемлекеттік қызметші қамтылды, оның ішінде 170-і ЖАО және 257-сі ОАО-да қызмет етеді. Бұл ретте, 229 мемлекеттік қызметшіге өтемақы төленді және демалыс берілді.
Мәселен, 2024 жылдың 9 айында барып жұмыс уақыты режимін сақтау мониторингі 103 мемлекеттік органда немесе 2024 жылы жоспарланған 117 органның 88,03% -. жүзеге асырылды, сондай-ақ жоспардан тыс негізде 14 мемлекеттік орган қамтылды. Мониторинг барысында 40 бұзушылық анықталды, 12 акт жасалды және 40 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Жалпы, қосымша жұмыс уақытына негізсіз тартылған 267 мемлекеттік қызметшінің (ҚББЖ бойынша анықталған 227 және бару арқылы мониторинг барысында 40) 188 мемлекеттік қызметші «А» блогына және 79-ы «Б» блогына жатады.
Сонымен, жоғары көрсеткен мәліметке сәйкес, артық жұмыс жүктемесі салалық құрылымдық бөлімшелерде көбірек байқалады.
Басшы құрамның жұмыс орнында жұмыс ұзақтығынан тыс болу кезеңінде жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің негізсіз жұмыс істеу фактілері байқалатынын атап өткен жөн.
Талдау барысында басшы құрамның 50 сағат 29 минуттық үстеме жұмысы анықталды, оның ішінде басқарма басшысы – 1:35, басқарма басшысының орынбасары – 5:53, департамент басшысының орынбасары – 2:32, аудан аппаратының басшысы – 9:49, дербес бөлім басшысы – 26:01, дербес бөлім басшыларының орынбасарлары-4:03, қала/ауыл әкімінің орынбасарлары-0:36.
Осылайша, басқарушы құрамды талдау қорытындысы бойынша дербес бөлімдердің басшылары үстеме жұмыстың үлкен көлемін көрсетті.
Талдау барысында жұмыс жүктемесінің жоғарылығына ықпал ететін факторлар анықталды:
- құжат айналымы жүйесінің мәселелері (кіріс-шығыс құжаттар қозғалысының қажеттіліксіз күрделілігі, басшы құрам қызметкерлері тарапынан құжаттар ағынын реттеудің тиімсіздігі, мемлекеттік органдар арасында қызметтік қажеттілікке қатысты жұмыс тәртібінде қызметтік электронды почта арқылы алуға болатын мәліметтер тізімдерінің болмауы);
- бизнес-процесстерді жоспарлау мен ұйымдастырудың тиімсіздігі (басшыларының жұмыс уақытынан кейінгі уақытта: құжаттар жобаларын қарауы (қол қоюы), тапсырмалар беруі немесе мәжілістерді өткізуі);
- салалық құрылымдық бөлімшелерге бөлінген адами ресурстардың мүмкіндіктерінен олар атқаратын жұмыс жүктемелерінің асып түсуі;
- мемлекеттік лауазымдардың ұзақ уақыт бос болуы.
Жұмыс уақытының режимін сақтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді зерделеу мемлекеттік органдардың басшылығы мен жауапты қызметкерлері тарапынан тиісті шаралар қабылданбайтынын көрсетті.
Жүргізілген талдау қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды, оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.