Вторник, 28 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды.

Жүргізілген талдау 2023 жылдың және 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жеке адамның құқықтарына, қоғамдық тәртіпке, адамгершілікке және көлікте қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша 31 мемлекеттік әкімшілік қызметші тартылғанын және 7 мемлекеттік қызметшіге тараптардың татуласуына қатысты істің тоқтатылғанын көрсетті.

Ең көп адамдар құқық бұзушылық жасағаны үшін қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тартылды — 9 адам.

Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 17 адам және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін 5 адам тартылды.

Талдау көрсеткендей, басшы буын қызметкерлерінің құқық бұзушылықтарының ең көп саны – 18 немесе 58% және 13 факт немесе 42% мемлекеттік органдардың атқарушы құрамымен.

Тартылған 31 адамның 19 (61%) аудандық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, 12 (39%) облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатынын атап өткен жөн.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 31 қызметшінің 30 Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері болып табылады, бұл – 97% құрайды, 1 немесе 3% орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері.

Талдау жүргізу шеңберінде 21 (68%) жағдайда қызметшілерге айыппұл түрінде жаза қолданылғандығы, 8 (26%) қамауға алынғандығы және 2 (6%) қызметшіге ескерту жасалғаны анықталды.

Бұдан басқа, талданып отырған кезеңде 8 мемлекеттік қызметші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 қызметші 3 бап бойынша тартылды.

Талдаумен мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 қызметші, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 5 қызметші тартылғаны анықталды.

Талдау барысында қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарынан босатылғаны анықталды.

Айта кету керек, тартылған 7 адамның 6 (85,71%) аудандық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, 1 (14,29%) облыстық деңгейдегі мемлекеттік органның қызметкері болып табылады.

Талдау көрсеткендей, қылмыстық құқық бұзушылықтарды басшы буын қызметкерлері жасады – 7-ден 7 (100%), бұл аталған санаттағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейімділігін көрсетеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...