Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және әділ жұмыс істеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бұл мәселенің маңызы жоғары, өйткені мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейі де мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі мен адалдығына байланысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді және бұл қағидаттар олардың кәсібилігі деңгейін қалыптастыру және сақтау үшін қажет.

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі — бұл білім мен дағдылар жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық және этикалық стандарттарға сәйкес жұмыс істей білу. Ол тек заңдар мен ережелерді білуді ғана емес, сонымен бірге бұл білімді іс жүзінде тиімді қолдана білу, негізделген және әділ шешімдер қабылдау, өзгерістерге бейімделу, өз дағдыларын дамыту, жұмыста жаңа тәсілдерді үйрену, мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеуге дайын болу сияқты қабілеттерді қамтиды.

Мемлекеттік қызметтегі әдеп осы ұғыммен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігін азаматтармен, әріптестермен және жалпы қоғаммен мінез-құлық және өзара іс-қимыл ережелерін белгілейтін қызметтік әдеп нормаларын сақтамай елестету мүмкін емес. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейі жоғары болуы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші қабылданатын шешімдер үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Бұл заң алдындағы жауапкершілік қана емес, қоғам алдындағы жауапкершілік. Қызметші азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге, бейтарап және риясыз болуға, алдын ала болжамсыз және кемсітусіз шешім қабылдауға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге, барлығының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге, өз білімін үнемі жетілдіруге және өз міндеттерін тиімді және әділ орындау үшін заңнамадағы өзгерістерге дайын болуға міндетті.

Мемлекеттік қызметші өз қызметінде ашық болуға, өзінің іс-әрекеттері мен шешімдері туралы ақпарат беруге дайын болуға тиіс. Ашықтық азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және шешімдердің жасырын мүдделер емес, объективті және сенімді деректер негізінде қабылданатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Ашықтық сыбайлас жемқорлық схемалары мен манипуляциялардың алдын алуға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің аталған талаптарды мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Әдеп кодексінің нормаларын сақтау саласындағы бақылауды ғана емес, сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру, профилактикалық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруды қамтитын мақсатты кешенді жұмыс жүргізуде. 2024 жылы 90, ал ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 6 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде брифингтер, кездесулер, семинарлар, отырыстар және басқалар.

Сонымен қатар, алдын-алу шаралары заңдылықты қамтамасыз етудің жалғыз құралы емес. Бұл тұрғыда талдауларды, тексеру іс-шараларын және мониторингті қамтитын бақылау шараларының ерекше рөлін атап өтпеуге болмайды. Жүйелі талдау ықтимал тәуекелдер мен проблемаларды неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтарға айналғанға дейін анықтауға көмектеседі. Мысалы, Департамент 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізіп, оның барысында қолданыстағы заңнаманы бұзудың бірқатар фактілерін анықтады. Атап айтқанда, уәкілетті тұлғалар мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тергеу жүргізбестен, қызметшінің келісімінсіз, тіпті жекелеген жағдайларда акт шығарылғанға дейін жазбаша түсініктеме талап етпестен түрлі жаза шараларын қолданған. Сондай-ақ, жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне қарамастан, қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері орын алуда. Мұндай фактілер жаза қолдану тәртібі мен қызметшінің кепілдендірілген құқықтарының өрескел бұзылғанын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ, Департамент орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау жөніндегі қызметіне талдау жүргізді. Талдау шеңберінде Департаментпен қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдаланудың 21 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, Департамент Ақмола облысы полиция департаментінің жол-патрульдік қызметімен бірлесіп, демалыс күндері қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Талдау қорытындысы бойынша 13 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін 9 адам, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін 2 мемлекеттік органдардың басшысы және  іссапар шығыстарын негізсіз төлеумен және іссапарды тиісінше ресімдемеумен байланысты өзге де бұзушылықтар үшін 2 адам жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалану әрбір қызметшінің тікелей міндеті болып табылады. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеуге тиіс. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметінің негізгі аспектілерінің бірі — заңды мүлтіксіз сақтау болып табылады. Бұл моральдық міндет қана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуінің негізі.

Думан Әбілев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...