Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметтегі жастар - оң өзгерістердің қозғаушы күші

Мемлекеттік қызметтегі жастар — оң өзгерістердің қозғаушы күші

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті.

Іс-шара барысында спикер студенттерді мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырып, мемлекеттік қызметке конкурстық және конкурстан тыс іріктеу тәртібі туралы баяндады, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету мақсатында бекітілген іріктеудің уақытша қағидалары туралы толығырақ ақпарат берді.

Атап айтқанда Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке іріктеу уақытша қағидалар негізінде іске асырылады.

Мұнда барлық процесстер автоматтандырылған, яғни Еқызмет интернет-платформасы арқылы іске асырылады. Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін құжат жинаудан босатылды. Барлық құжаттар кандидаттардың электрондық жеке істеріне басқа жүйелерден жинақталады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеу 4 заңнаманы қамтитын 1 ғана бағдарлама бойынша іске асырылады.

Жалпы мемлекеттік тілді және қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеуден өту, бос лауазымдар туралы хабарландырулармен танысу, конкурсқа қатысуға өтінім беру, жеке қасиеттерін бағалау, сонымен қатар сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеуден өту, эссе жазу, әңгімелесуге қатысу — осы кезеңдердің барлығы бір платформада іске асырылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтің заманға сай мобильділігін арттырып, жастардың кадрлық әлеуетін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында студенттермен пікір алмасу ұйымдастырылып, спикер олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...