Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша брифин өтті.
Спикер атап өткендей, мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша аталған кезеңде Департаментпен 44 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде жоспарлы — 15, жоспардан тыс — 29. Осы жұмыстың нәтижесінде 14 653 бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ Департаментпен көрсетілетін қызметті алушылардың 526 өтініші қаралды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 1426 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қорғалды. Мысалы, 178 шаруаға 400 миллион теңгеден астам сомаға субсидия тағайындалды. 850 азаматқа әртүрлі мақсаттар үшін жер телімдері берілді, сондай-ақ басқа салаларда қызметтер көрсетілді.
203 азаматтың құқықтары өтініш берушілердің шағымдарынсыз қашықтан мониторинг жүргізу арқылы қалпына келтірілді.
Думан Әбілевтің ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабы бойынша 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 344 420 теңге мөлшерінде барлық айыппұлдар өндірілді.
Мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 41 лауазымды тұлға тартылды.
Сондай-ақ азаматтар мен көрсетілетін қызметті берушілер үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 66 іс-шара өткізілді.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі