Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетМузей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн ортасына дейін келушілерге есігін айқара ашты.

Келушілер үшін музей экспозициялары, сондай-ақ Түркістан облысының «Ұлы Дала Елі» орталығының қорынан «Ұлы дала мұрасы» тарихи-танымдық көрмесі ашылды.

Көрермендердің назарына Қазақ хандығы дәуірін сипаттайтын тарихи маңызы бар 30-ға жуық экспонат ұсынылды. Көрмедегі құнды жәдігерлерінің бір бөлігі тасқа қашалған, кірпішке күйдірілген, ағашқа ойылып, сақ, руна, араб, латын қаріптерімен жазылған хаттар.

Сондай-ақ, осы күні Мәлік Ғабдуллин музейінде «Ойыншықтар әлемі» көрмесі ашылды. Экспозицияда ХІХ – ХХ ғасырдың басында жасалған ойыншықтар, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы мен  жиені Ләззат Әмірғожинаның музей  қорында сақталған ойыншықтары,  балалар кітаптары мен алфавиттері, сондай — ақ заманауи  қолданбалы қолөнер шебері, суретші Байковская Альбина Кирилловнаның авторлық қуыршақтары қойылған.

Іс-шара аясында Балуан Шолақ атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (жетекшісі Мұратбек Алмасбек) және «Әулет» орталығының тәрбиеленушілері көрмені тамашалауға келген жас балаларға «асық ату», «тоғызқұмалақ» интерактивті және ұлттық ойындарын көрсеті, ойнатты.

Біржан сал атындағы музыка колледжі студенттері мен Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицей оқушыларының орындауындағы мерекелік концерт іс-шараның көркін келтірді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...