Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемҮндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, 288 адам қаза тапты

Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, 288 адам қаза тапты

Үндістанның шығысындағы Одиша штатында бірнеше пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 288 адамға дейін өсті. 900 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шалимар-Коромандель» жүрдек пойызы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында рельстен шықты, бұл ретте оның бірнеше вагоны «Есвантпур-Хаора» экспресі жүретін басқа жолға түсіп кетті. Қарсы бағытта жүріп келе жатқан пойыз әуелі осы вагондармен, содан кейін жолда тұрған тағы бір жүк пойызымен соқтығысты.

Бұл – Үндістанда 1980 жылдардан бергі ең үлкен теміржол апаты. Жергілікті биліктің бағалауынша, құрбан болғандардың саны артуы мүмкін.

Апат болған жерге 200-ден астам жедел жәрдем көлігі келіп жетті, кезекшілікке қосымша 100-ден астам дәрігер жұмылдырылған.

Куәгерлердің айтуынша, тірі қалған жолаушылардың көпшілігі аударылған вагондарда қалған адамдарға көмекке келген. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, апат болған жерде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын және зардап шеккендер қажетті көмек алу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын хабарлады.

Үндістандағы ең үлкен теміржол апаты 1981 жылы Бихар штатындағы циклон кезінде болған. Ол кезде жолаушыларға лық толы пойыз өзенге құлап, кем дегенде 800 адам көз жұмған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...