Четверг, 10 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз және триангль сынды аспаптарымен сәтті орындап шығып, көрермендер көзайымына айналды.

1 орын атанған Ақкөл ауданынан Құрметбектер отбасы жетіген, қобыз, домбыра, тұяқ және асатаяқ аспаптарымен қазақ халқының күйлерін ойнап көзге түсті. 2 орынды Астрахан ауданынан Ермахановтар отбасы иеленсе, Ерейментау ауданынан Нұрғалиевтар және Атбасар ауданынан Крыжный отбасылары (Атбасар ауданы) 3 орынға лайық деп танылды. Жанұяларының барлық мүшелері қосылып ән шырқап, өнерлерін ортаға салды.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова “Бірлігі жарасқан, берекелі, шығармашыл отбасыларды дәріптеу, кәсіби өсулеріңіз бен шығармашылықтарыңызға қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту және дамыту мақсатында “Өнерлі шаңырақ” байқауы 7 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді”- деп, аталмыш шараға белсенді қатысқан әр отбасы мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Аталмыш байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...