Жұма, Наурыз 29, 2024
1.9 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль байқауының жүлдегерлері анықталды

«Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль байқауының жүлдегерлері анықталды

Отбасы күнін мерекелеу аясында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Бірлігі жарасқан, берекелі, өнерлі отбасыларын дәріптеу, олардың кәсіби өсуіне және шығармашылығана көмек керсету, отбасы институтын нығайту және дамыту, қоғамдағы әке мен ананың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға Ақмола облысының барлық қала, аудандарынан қатысуға ниет білдірген өнерлі жанұялар қатысты.

Байқау онлайн форматта қатысушыларды іріктеу, гала концерт және қатысушыларды марапаттау тәрізді екі кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар өз отбасыларын таныстырды, үй тапсырмасы мен шығармашылық нөмірін көрсетеді, сонымен қатар қазылар алқасы мен көрермендерге ән, би, музыка, бейнелеу өнеріндегі таланттарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Басты жүлде – «Өнерлі шаңырақ» – Шаимовтар отбасы, Егіндікөл ауданы.

«Өнегелі отбасы» – Дауыл отбасы, Целиноград ауданы.

«Мерейлі отбасы» – Калибаевтар отбасы, Зеренді ауданы.

«Парасатты отбасы» – Сафоновтар отбасы, Атбасар ауданы.

«Жомарт отбасы» – Дәулет отбасы, Ақкөл ауданы.

«Үлгілі отбасы» – Бабажановтар отбасы, Жақсы ауданы.

«Дәстүрге берік отбасы» – Сейдабзаловтар отбасы, Аршалы ауданы.

«Зейінді отбасы» – Сакеновтар отбасы, Бурабай ауданы.

«Шеберлер отбасы» – Ахмет отбасы, Шортанды ауданы.

 

Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...