Бірлігі жарасқан, берекелі, өнерлі отбасыларын дәріптеу, олардың кәсіби өсуіне және шығармашылығына көмек керсету, отбасы институтын нығайту және дамыту, қоғамдағы әке мен ананың мәртебесін көтеру мақсатында Отбасы күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы үлкен рөл атқарады.
«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек», деп атап өтті Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.
Облыстық фестиваль байқауының нәтижесі бойынша Арнайы жүлде иегері Қорғалжын ауданының Құсайыновтар отбасы атанып, «Adagio» гитарасын қанжығасына байлады.
Барлық қатысушылар дипломдармен және музыкалық колонкалармен марапатталды.