Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс әкімдігінің отырысында жаңа кеңесшіні таныстырды. Ол Әнуар Күмпекеев болды.
Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Брэдфорд университетінде, Ұлыбритания, экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының түлегі.
Еңбек жолын 2005 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы болып бастады.
2007 жылғы қазаннан бастап «Қазақстан Республикасы биотехнология ұлттық орталығы» РМК стратегиялық даму департаментінің директоры, Маркетинг және коммерциализациялау департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2008 жылғы қыркүйектен бастап коммерциялық құрылымдарда әртүрлі басшы лауазымдарда жұмыс жасады. 2009 жылғы желтоқсаннан бастап «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департамент директоры, 2011 жылғы шілдеден басқарма мүшесі – басқарушы директоры.
2012 жылғы шілдеден Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, 2015 жылғы мамырдан Степногорск қаласының әкімі, 2018 жылғы тамыздан Павлодар қаласының әкімі лауазымдарын атқарды.
2019 жылғы қазаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.