Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕгіндікөл"Nur Otan" партиясы: медицина және білім басымдыққа ие

«Nur Otan» партиясы: медицина және білім басымдыққа ие

Сондай-ақ, оқыңыз...

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әбілов Бегендік Қуандықұлы және Шевцова Лариса Александровна Медициналық және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті

Бегедік Қуандықұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын атап өтіп, білім беру және медициналық мекемелер мәселесі қозғалған әлеуметтік бағдарланған аудан ретіндегі аса маңызды басымдыққа тоқталды.

«COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен сынақ болды. «Nur Otan» партиясы бұл салада денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға ерекше назар аударды. Қазіргі жағдайды ескере отырып, партия медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуды, ауданға мамандандырылған мамандарды тартуды, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді өз мойнына алады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезеңінде алынған тәжірибе қолданылады.»- деді Бегендік Қуандықұлы.

Өз кезегінде Лариса Александровна ауданда білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, 8 мектепке дейінгі ұйым, 9 мектеп, 1 колледж жұмыс істейді. Үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% — ды құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 87,3% — ға дейін артты.

Барлық 9 мектепте 1 сыныптың 76 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сондықтан материалдық-техникалық базаны нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы тікелей бастамашы болған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында денсаулық сақтау саласындағы нысандарға күрделі жөндеу жүргізілгенін, ал 7 білім беру ошақтарында жөндеу мәселелері шешілгенін атап өтті.

Кездесу соңында аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар барлық сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғыстарын білдірді, және 2020 жылдың 10 қаңтарында дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруді шақырды.

Nur Otan партиясы Егіндікөл ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...