Среда, 29 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЗеренді«Nur Otan» партиясымен – әл-ауқаты жоғары қоғамға!

«Nur Otan» партиясымен – әл-ауқаты жоғары қоғамға!

Сондай-ақ, оқыңыз...

2020 жыл біз үшін қиынды сынақтарға толы болды. Дәл осы кезеңде «Nur Otan» партиясы өзін, қалыптасқан жағдайға уақытында назар аудара, тиімді бастамаларды жүзеге асыруда бірден бір дұрыс шешім қабылдай алатын жарқын және еңселі тұрғыдан көрсете білді. Тұрғындар кезекті рет : «Nur Otan» партиясының шын мәніндегі халықтық партия екендігіне, онымен алға жылжуға болатынына көз жеткізіп, қиындықтарды жеңуде қатар қадамдауға, ертеңгі күннің тұрақтылығына сенімді екендерін білдірді.

Өз сөзіне, қағидасына берік еліміздің ең белді саяси күші өзінің алдына, еліміздің ойдағыдай өркендеп, нығаюына, тұрғындардың молшылық пен шаттықта өмір сүрулерін қамтамасыздандыруға бағытталған ауқымды мақсаттар мен міндеттер қоюда. Оған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 17 басымдық нақты дәлел болады. Олардың қатарында – қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуы, білім мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау, заңдардың басымдығын қамтамасыздандыру, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу, мемлекеттік аппараттың тиімділігін көтеру және т.б. бар. Қазақстандықтардың да тілектері осы емес пе? Бірінші кезекте әлеуметтік проблемаларды шешуді, әлеуметтік қорғауды қамтамасыздандыруды басты мақсаттары санайтын партияның ұранында «Әркімге лайықты өмір», — делінген.

Оған мысал ретінде, біздің қоғамымызда , қала берді әлемнің барлық мемлекеттерінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық атауындағы келеңсіздікті алайық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу аса қиын, дегенмен «Nur Otan» партиясы одан ада болуды басты міндеттерінің бірі ретінде айқындап, қазақстандықтардың барлық күш-қуаттарын біріктіріп, қоғамымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тұрақты мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау арқылы, нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыруды ұсынуда.

Біз бәріміз қоғамдық тұрақтылықтың негізінде тыныс-тіршілік пен еңбек етудің, бейбітшілік пен өзара келісімнің, қылмыстың жолын кесудің, төтенші жағдайлардың алдын алу шараларының жатқанын жақсы білеміз. Осының барлығы, оның ішінде құқықорғау органдары қызметтерінің тиімділігін көтеру, төтенші жағдайларға қарсы тұру инфрақұрылымы деңгейін көтеруге ықпал жасау «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ерекше аталып өтілген.

Атап айтқанда Зеренді ауданында көшелерге бейне бақылау камераларын орнату, гидротехникалық құрылғыларды жөндеу, өзен жағалауларын бекемдеу, арналарын кеңейту және т.б. шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Мұнымен қатар қандай да болмасын ұсыныстар міндетті түрде қолдау табады, себебі «Nur Otan» партиясына әр тұрғынның пікірі аса маңызға ие! Бiз әрдайым бiргемiз! Оған осы тұжырымның нұротандықтар арасында кеңінен тарағаны нақты дәлел бола алады. Біз біргеміз, ал ол қойылған мақсаттарға қол жеткізіледі, міндеттер орындалады деген ұғымды білдіреді. Алдағы кезеңде «Nur Otan» партиясының басшылығымен өркениетті қоғам құруды жалғастыратын боламыз!

2021 жылдың 10 қаңтарында өз даусымызды нақты істердің партиясына берейік!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...