Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметҚұны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқықтарын қорғады.

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен жоба Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Алайда, кәсіпкер жергілікті әкімдікке бөтелкедегі ауыз су өндіретін зауыт салу үшін жер учаскелерін алуға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету және жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін реттейтін қағидалар арасындағы қайшылықтарға байланысты, сондай-ақ объектіні инвестициялық деп тану туралы шешімнің қажеттілігіне  байланысты бірнеше рет бас тартуларға тап болды.

«Ақпараттық жүйелерде қашықтықтан мониторинг арқылы материалдарды зерделеу барысында құрылыс Бірыңғай индустрияландыру картасына  енгізілгендіктен жобаны инвестициялық деп тану туралы әкімдіктің бөлек шешімі талап етілмейтіні анықталды» — деп мәлімдеді Департамент басшысы Думан Әбілев.

Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар негізсіз деп танылып, жергілікті атқарушы органның атына Департамент пен прокуратура ден қою актілерін енгізді. Мәселе нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды.

Нәтижесінде, кәсіпкердің құқықтары өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру үшін ауданы 7 гектар жер учаскелерінің берілуі арқылы қалпына келтірілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...