Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметОблыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау қорытындылары талқыланды.

Осылайша, талданып отырған кезеңде 765 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 573 жергілікті атқарушы органдардың және 192 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері. Мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті органдардың тәртіптік комиссияларының ұсынымдары бойынша-50, тәртіптік комиссияда қараусыз-562 мемлекеттік қызметші.

Семинар қатысушыларына Департамент анықтаған жаза қолдану тәртібін 179 бұзушылығы туралы, оның 57-сі жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, 120-ы талдамалық жұмыс шеңберінде және 2-і азаматтардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша екендігі хабарланды.

Бұзушылықтардың ең көп санына жергілікті атқарушы органдар жол береді – 158 және орталық мемлекеттік органдардың тек 21 аумақтық бөлімшелері.

Департамент жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша 61 актінің және шешімдерді күші жойылды, оның ішінде 44 тәртіптік жаза қолдану туралы акт, оларды мерзімінен бұрын алу туралы 16 бұйрық, 1 тәртіптік комиссияның шешімі, оның ішінде Департаментінің нұсқамалары негізінде 13, тәртіптік комиссиялардың қызметін талдау қорытындысы бойынша 48.

Семинар барысында Заңның 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екендігі атап өтілді.

Бұдан басқа, Қағидалар мемлекеттік органды қызметші теріс қылықпен жазбаша түсініктемеде келіспегенін білдірген жағдайда қызметтік тергеп-тексеру тағайындауға және жүргізуге міндеттейді.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.

Бұл ретте, жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне қарамастан, қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері де орын алады.

Мұндай фактілер жаза қолдану тәртібі мен қызметшінің кепілдендірілген құқықтарының өрескел бұзылғанын куәландырады, ал шығарылған актілер жойылуға жатады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында семинарға қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...