Суббота, 11 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметОнлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қорытындыларын ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызметке түсуді барынша жеңілдету және артық кедергілерді жою мақсатында 2023 жылғы 1 наурыздан бастап Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында «Интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б»»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидалары» енгізілді. Қазіргі уақытта бұл іріктеу жобасы 74 мемлекеттік органда жұмыс істейді, ал ағымдағы жылдың ортасында тағы 26 мемлекеттік органды қамтитын болады.

Осы Қағидаларға сәйкес бұл мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасу жалпы конкурс арқылы eqyzmet.gov.kz порталында пилоттық режимде (онлайн) жүзеге асырылады.

«Конкурстық рәсімнің бұл форматы үміткерлерге әлемнің кез келген бұрышынан барлық кезеңдерде конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. «Е-қызмет» жүйесі барлық негізгі ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Бұл мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжаттарды жинаудан босатады.

Үміткер туралы өзге ақпараттық жүйелерден ақпарат алу, оның соттылығын немесе өзге де құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау — мұның бәрін жүйе автоматты түрде өзі жүзеге асырады» — деп Думан Әбілев мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, 2024 жылы Ақмола облысында пилоттық режимде 1683 конкурс жарияланды, нәтижесінде 539 адам лауазымға қабылданды.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...

163 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында Өңірлік кадр резервінің 7 мүшесі лауазымдарға тағайындалды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...