Вторник, 8 октября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынҚорғалжын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт залы ашылды

Қорғалжын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт залы ашылды

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын ауылында ашылған орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы тренажерларда жаттыға алады. Мұндағы басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортқа тарту, оларды бейімдеу және оңалту болып табылады.

Жаңа зал жеке қабілеттерін ескере отырып, спорттық снарядтармен және құрал-саймандармен жабдықталған және барлық заманауи талаптарға сай келеді.

Қорғалжын ауданы әкімінің мүгедектік істері жөніндегі кеңесшісі Гүлжан Сарбасованың айтуынша, Қорғалжын ауданында 119 мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады.

“Мұнда бір уақытта 20 адамға дейін спортпен шұғылдануға болады. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай міндеттер қойып отыр. Сондықтан мұндай залдардың санын көбейту керек”, – деп атап өтті Гүлжан Сарбасова.

Қорғалжын ауданының мүгедектер қоғамында атап өткендей, спорт залын аша отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос уақытын ұйымдастырып, осы жерде өздерін жайлы сезінулері үшін жағдай жасағысы келеді. Сондай-ақ, бұл өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына және жаңа спорттық жетістіктерге қол жеткізуге ықпал ететіні сөзсіз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...