Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қорғалжын ауданының тұрғындарымен кездесуде аудан тұрғындарын әлеуметтік саланы дамытудың ағымдағы жоспарлары туралы хабардар етті.
Биыл ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлініп Қорғалжын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласында орталық аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 20 пәтерлік екі үйді қайта жаңарту аяқталды. Қорғалжын ауылындағы Әліби Жангелдин көшесіндегі тұрғын үйлердегі сыртқы инженерлік желілерге жөндеу жұмыстары аяқталды.
Айта кетейік, Қорғалжын ауданының әлеуметтік нысандарын, жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, жөнделді және 20 нысан қайта жаңартылды.