Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыОраза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді

Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді

Елімізде сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл деректі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді. Екінші орында сұранысқа ие болған есім — Айсұлтан. Бұл ат 248 ұлға қойылды. Танымал үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі еніп тұр.

Айта кетсек, наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын. Сондай-ақ, сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін беріпті. Бұл есім наурыз айында да 4-орында болған. Ол кезде 191 бала осы есіммен Қазақстан азаматы атанды.

Ал, қыздарға ең көп қойылған есім — Медина. Сәуірде 430 ата-ана осы атты таңдапты. Екінші орында — Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. 343 қызға берілген Айша есімі кең таралған санаттағы үштікке еніп отыр.

Жалпы, өткен айдағы статистика нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді.

Айталық, Али, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да аттар кең таралған.

Еске сала кетсек, биылғы бірінші тоқсанда МӘМС жүйесі шеңберінде экстракорпоралдық ұрықтандырудың 835 рәсімі орындалды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...