-18.6 C
Kokshetau
-18.6 C
Kokshetau
Бейсенбі
Ақпан, 2

ҰОС қаза болған ақмолалық жауынгердің сүйегі еліне жеткізілді

Айдарлар:

Көкшетауда ҰОС қаза болған жауынгер Әзікен Нұғымановтың құрметіне «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, үстіміздегі жылдың мамыр айында Ресей Федерациясы Тверь облысы Бельский ауданының «Подвиг «ғылыми-тарихи әскери-патриоттық орталығы» қоғамдық ұйымының іздестіру қызметкерлері майданда қаза болған қазақ  жауынгері Әзікен Нұғымановтың медальоны мен сүйектерін тапқан.

Әзікен Нұғыманов 1897 жылы Ақмола облысында туған. 1942 жылы 19 сәуірде Қазақ КСР Еңбекшілдер аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылған. Кейін майданда хабарсыз кеткен. Жуынгердің сүйегін еліне қайтару үшін Ақмола облысының әкімдігі мен «Атамның аманаты» ҚБ бірлесіп жұмыс жүргізген.

«Осыған байланысты, бүгін Көкшетау қаласының Даңқ мемориалында Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың, Ресей Федерациясының Елшілігі, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысушы Әзікен Нұғымановқа әскери құрмет көрсетуіне арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтеді. Кейін сарбаздың сүйегі оның кіші отанында, Біржан сал ауданында жерленетін болады», – дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар