Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
5.4 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшы қаласының шекарасы белгіленді

Қосшы қаласының шекарасы белгіленді

Үкімет елорда іргесіндегі Қосшы қаласының аумағын белгілеуге қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/554 бірлескен қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы №7С-22-3 шешіміне келісім берілсін», – делінген ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №1041 қаулысында.

Құжат «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 11-бабы 2-тармақшасына сәйкес қабылданған. Ол 10 күннен соң күшіне енеді.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 27 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданы одан облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Былтыр 23 тамызда Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қосшы қаласының әкімі болып Ғайдар Қасенов тағайындалды.

Қосымша айта кетейік, Қосшы қаласының аумағы – 5 198 гектар. Қаланың солтүстік шекарасы Астана қаласының әкімшілік бағынысындағы аумақпен шектеседі. Ал, батыс, оңтүстік және шығыс жағы Ақмола облысының Целиноград ауданы арқылы өтеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...