Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшыда жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Қосшыда жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бірінші қыркүйек — білім күні Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп ашылып, алғашқы қоңырау салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов қатысып, құттықтау сөзін сөйлеп, оқушылар мен ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.

Халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Қосшы қаласында оқушылар саны 11 мыңнан асты.

Үш қабатты заманауи ғимаратта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте 48 пәндік кабинет, кітапхана, металл және ағаш өңдеу шеберханалары, тігін шеберханасы, ас үй жабдықталған. Сондай-ақ, 2 спорт залы, салтанат залы, кең асхана және медициналық кабинет бар.

Жаңа оқу жылында 500-ден астам оқушы осы мектептің табалдырығын аттамақ, оларды 35 педагог оқытатын болады. Жоба облыстық бюджет есебінен «ФБК ДЕЛО» ЖШС мердігерлік ұйымымен іске асырылды.

№4 орта мектеп жаңа оқу жылына толықтай дайын. Қазақ тілінде білім беретін мектеп, оқушылар мен ұстаздарға бар жайлылықты ұсынып, жоғары кауіпсіздікте білім алуды камтамасыз ете алатын, заманауи мүмкіндіктер берері сөзсіз.

Қосшы қала мәртебесін алған үш жыл ішінде бұл ашылып отырған төртінші мектеп. Барлығы Қосшы қаласында 8 мектеп оқушыларға білім беруде.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...