ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аудан және қала әкімдіктерінің персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің функцияларын өзгертуге, қызметінен босатуға және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға қатысты кейбір мәселелер талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік лауазымдардың біліктілік талаптарын бекітуге қатысты сұрақтар қаралды.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева тиісті түсініктемелер беріп, кездесуге қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.