spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысПетропавлдың екі тұрғыны Көкшетауда есірткі салу күдігімен ұсталды

Петропавлдың екі тұрғыны Көкшетауда есірткі салу күдігімен ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 16 маусымында есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері «Карасора-2022» арнайы операциясы аясында Көкшетау қаласында синтетикалық есірткі салған деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Айта кету керек, полицияға ықтимал бетбелгілер туралы ақпарат Бармашино ауданында мінез-құлқы күдікті болып көрінген бірнеше жастарды байқаған қала тұрғындарынан түскен. Көкшетаулықтар өздерінің болжамдары туралы құқық қорғау органдарына хабарлады, ал есірткі полицейлері кейіннен салушыларды ұстау бойынша сәтті арнайы операция өткізді.

Жеке тінту барысында ұсталғандардың бірінен құрамында ұнтақ тәрізді консистенциялы сарғыш түсті зат бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Одан әрі жедел және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде «серіктесі» есірткі заттарын салған орындарды көрсетті, ол жерден полиция қызметкерлері ұқсас затты 50 түйіншекті тауып, тәркіледі.

Полиция тәркіленген есірткіні тиісті сараптамаға жіберді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сондай-ақ, ұсталған 21 және 20 жастағы жастар Петропавл қаласында тұратыны, Ақмола облсының аумағында есірткі салумен айналысу үшін Көкшетауға арнайы келгені анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img