spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысПолицейлер ата-аналардан жазда балаларын қадағалауды сұрайды

Полицейлер ата-аналардан жазда балаларын қадағалауды сұрайды

-Жарнама -spot_img

Ақмола полицейлері кәмелетке толмаған жасөспіріммен көлік құралын ұрлау фактісін ашты.

03 маусымда Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 61 жастағы ер адам, Софиевка ауылында белгісіз біреу түнде үйдің ауласынан оған тиесілі «Мitsubishi Lancer» маркалы автокөлікті ұрлап әкеткені туралы шағым түсірді, кілт тұтану орнында болған. Залал сомасы 1 млн. теңгеден асты.

Бұл іс ҚР ҚК 200-бабы1-бөлігі «Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктің орналасқан жері анықталды.

Көлік өртеніп кеткен. Сондай-ақ, полицейлер ұрлыққа қатысы бар 16 жастағы жасөспірімді анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Жазғы демалыс кезінде тәртіп сақшылары ата-аналардан балалардың көшеде 23:00 сағаттан кейін заңды өкілдерсіз жүрмеуін, бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауларын сұрайды. Демалыс кезінде балаларды пайдалы іспен белсенді түрде айналысуды сұраймыз, мысалы, оларды секцияларға, үйірмелерге жіберу.

Сонымен қатар, қазір балалар үшін сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Әрбір балаларды сауықтыру лагерінде полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img