Ақмола полицейлері Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахталарына заңсыз кіргендерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша Бестөбе кентінің аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жедел бөлімшелер мен патрульдік полиция қызметкерлері қатарынан арнайы құрылған мобильді топтар жер қойнауын өз бетінше пайдалану және кен орындарын заңсыз өндіру фактілерін анықтап қана қоймай, жазатайым оқиғалардың алдын алады.
29 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Бестөбе кентінде қараусыз қалған үйдің аумағында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіру жолын тапты.
Тереңдігі шамамен 45 метр болатын “құпия жолды” заңсыз іздеушілер арнайы ангар орнатып, мұқият жасырған. Полицейлер “олжа” туралы дереу жергілікті атқарушы органдар мен “Қазақалтын” ЖШС басшылығына хабарлап, жолды жою бойынша шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта шахта жұмыс істемейді, ал төменгі горизонттар жер асты суларымен басылып жатыр. Заңсыз іздеушілер шахталарға заңсыз кіру және кейіннен құрамында алтын бар кенді өндіру үшін жолдарды қолданады.