Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
5.4 C
Kokshetau
7 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысПолиция ақмолалықтарды онлайн-сатып алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция ақмолалықтарды онлайн-сатып алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырады

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Интернет» желісі арқылы тауарларды сатып алу ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып саналады. Алайда, көбінесе сатып алушылар алаяқтыққа және сатушылардың басқа да жосықсыз әрекеттеріне тап болады.

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Әйел интернет желісі арқылы жиһаз бен ыдыс-аяқ сатып алғысы келген.

Өтініш берушінің айғағы бойынша, ол төлем алғаннан кейін онымен байланысқа шығуды тоқтатқан бейтаныс қызға тауарды жеткізуі үшін 362 мың теңге сомасында ақша аударған.

Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 31 жастағы қаскүнем бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осындай жағдай Аршалы ауданында да орын алды. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, «Колеса» хабарландыру беру сайтында автокөлік сатып алуды көздегенін хабарлады.

23 наурызда белгісіз адам өзін сатушы ретінде көрсетіп, өтініш берушіні оған 950 мың теңге сомасында автокөлік үшін алдын ала төлем жіберуге көндірген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін белгісіз адам телефонын өшіріп тастаған.

Екі дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...