Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыПолиция қызметкері тұрғыннан 50 мың теңге пара алған

Полиция қызметкері тұрғыннан 50 мың теңге пара алған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейнеконференцбайланыс режимінде Көкшетау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың себептері мен жағдайларын жою бойынша кездесу өткізді.

Онлайн-кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы ішкі істер органдарының жеке құрамына қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы негізінде енгізілген ұсынулар бойынша ақпарат жеткізді.

Мәселен, Қалалық полиция басқармасы бөлімшелері бірінің лауазымды тұлғасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін азаматтан 50 000 теңге көлемінде пара алу үстінде әшкереленді. Өз кезегінде, пара беруші мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл салуға жазаланды.

Сонымен қатар, Қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен жедел уәкілдеріне қатысты күш көрсету және моральдық қысым жасау, салғырттық, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ құқық бұзушылықты жасыру фактілері бойынша қылмыстық істер аясында 8 ұсыну қаралды.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдау, ұжымда тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, бағынышты қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кейіннен оларды жою арқылы ішкі талдау жүргізу ұсынылды.

«Өкінішке орай, полиция органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны азаймай тұр. Тек соңғы екі жылдың ішінде осы саланың лауазымды тұлғаларына қатысты облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде 76 қылмыстық іс болды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мемлекеттік басқарудың беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын да бұзатынын түсіну қажет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен моральдық-адамгершілік қасиеттерді сақтау әркімнің мінез — құлқы нормасы болуы тиіс», — деп атап өтті аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев.

Айта кетейік, Департамент өткен мен ағымдағы жылдар аралығында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша полиция органдарына 82 ұсыну жіберді. Оның шеңберінде 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 7-еуі -қызметінен шығарылды, 11- і атқаратын лауазымынан босатылды.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...