Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыПрезидент ҚХА-ның негізгі міндеттерін атады

Президент ҚХА-ның негізгі міндеттерін атады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Түрлі этностардың мәдениет қайраткерлері арасында қоғамдық диалогтың болуы өте маңызды. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ассамблеяның қызметін біртіндеп ұлттың ықпалдастық әлеуетін күшейтуге бағыттау керек. Сондай-ақ Ассамблея этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тың серпін беру мәселесіне айрықша назар аударуы қажет. Олар этносаралық коммуникацияның тиімді жолдарын қалыптастыруға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма берді.

«Түрлі этностардың мәдениет қайраткерлері арасында қоғамдық диалогтың болуы өте маңызды. Жұмыс тәсілі қазіргі заманға сай болғаны жөн. Үкімет осы айтылған мәселелерге назар аударуы керек», — деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі сессия барысында Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздегі реформалар мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Президент татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...