Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
2.9 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыПрезидент шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb спутник желілерімен қамтуды тапсырды

Президент шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb спутник желілерімен қамтуды тапсырды

Қазақстан аумағын интернетпен қамту барынша жоғары. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазақстандық нарыққа Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud сияқты бұлтты есептеулердің ірі ойыншыларын белсенді түрде тартамыз. Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе саналады. Бұл ретте бізде резерв те бар. Үкімет 100 пайыз интернетпен қамтылғаны туралы есеп беріп жатыр. Бірақ азаматтардың шағымына қарасақ, олай емес», – деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» басшысы мен Цифрлық даму министрі еліміздің аумағы емес, тұрғындарының 99 пайыз интернетпен қамтылғаны жайында есеп бергенін атап өтті.

«Қалай дегенде де мән-жайды анықтау керек. Біздің жағдайымызды шынайы паш ететін цифр қажет. Дегенмен, жалпы алғанда Қазақстан аумағын интернетпен қамту барынша жоғары», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, 3 мыңнан астам шалғайдағы ауыл тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр.

«Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жұмысын жандандыруы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...