Жұма, Сәуір 19, 2024
17.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANATПрезидент Жолдауы талқыланды

Президент Жолдауы талқыланды

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанынан құрылған «TALQYLAU» диалогтық алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақтан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды. Тақырыбы баршаға ортақ болғандықтан, диалогтық алаңның отырысы қызықты өтті. Себебі, мұнда көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер көтерілді, сындарлы пікірлер айтылып, жақсы ұсыныстар бір арнаға тоғыстырылды.

«Акмолинская правда» облыстық газетінің корреспонденті, саясаттанушы Нина Митчинованың айтуынша, «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұстанған Мемлекет Басшысы осы жолы еңбек етіп, табыс тапқысы келетін азаматтардың тілегіне құлақ асты, оларды қолдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

«Мәселен, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас деп бекітілмек. Бұл жоғары әлеуметтік сұранысқа жауап болып отыр. Бірақ ол сұраныс 5 жылдан кейін де өзектілігін жоймайды деп ойлаймын. Дегенмен, оған тұшымды жауап дайын – пандемия салдарынан туындап отыр дейді сарапшылар. Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Демек, алдағы уақытта медицина саласы жақсарса, зейнетке шығу жасына мәселе қайта қаралатыны сөзсіз»,-дейді Нина Митчинова.

Журналист-жазушы Серік Жетпісқалиевтің айтуынша, Ақмола облысы Президент тапсырмасына сай «Жаңа Қазақстанды» құруға кірісіп кетті.

«Облыс әкімі әр ауданда болып халық алдында есеп беріп, одан кейін жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Оған өңірдің барлық басқармаларының басшылары қатысты. Бұл әр азаматтың түйткілді мәселесін сол жерде шешуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, өңірде «Халықтың үнін еститін мемлекет» қағидасы іс жүзінде орындалып жатыр. Жолдауда ұнағаны Мемлекет Басшысы елдегі барлық салаға қатысты кемшін тұстардың атын атап, түсін түстеп берумен қатар сол мәселелерді шешудің жолдарын көрсетті, бұл бағытта нақты шараларды қабылдауды тапсырды. Енді соның бәрін жүзеге асыруға бәріміз атсалысуымыз керек»,-деп түйіндеді өз сөзін журналист-жазушы Серік Сапарұлы.

Білім беру саласының дамуына өзінің көп жылғы еңбегін сіңірген Ақмола облысының аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының консультанты Марат Ыбыраев Жолдауда мәселені шешудің нақты жолдары көрсетілгенін және жемқорлардан тартып алынған қаржының жаңа мектептерді салуға жұмсалатыны өте орынды екенін жеткізді.

Әлеуметтанушы, әрі облыстық ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Гүлмира Каримова Жолдаудың неліктен екі рет жарияланғанын түсіндіріп кетті.

«Жолдау неге екі рет жарияланды деп түсінбеушілік танытып жатқандар көп. Жылдың басындағы Жолдау саяси бағдар берсе, қыркүйектің бірі жарияланғаны еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Сондықтан екеуінің де маңызы зор. Бір-бірін толықтырды»,-деді Гүлмира Тоқтарқызы.

Диалогтік алаңның модераторы болған «AMANAT» партиясының белді мүшесі Айманай Сейтқасымов әңгіме ауанын өте өзекті мәселелерге бұрып отыруы сындарлы диалог құруға мүмкіндік берді.

Жалпы, пікірталас алаңының отырысына азаматтық қоғам өкілдері, депутаттар, журналистер, зиялы қауым өкілдері, жастар, саясаттанушылар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Талқылау екі тілде өткендіктен, кең аудиторияны қамту мүмкіндігі болды.

Пікірталас партияның Facebook парақшасында тікелей эфирде өтті, сәйкесінше, әркім өз сауалын жолдап, эфирде жауабын тыңдай алды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...