spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамПрокуратура қызметкерлері Наурыз мерекесін дүркіретіп атап өтті

Прокуратура қызметкерлері Наурыз мерекесін дүркіретіп атап өтті

-Жарнама -spot_img

Бүгін Ақмола облысы прокуратурасында ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Көктемнің шуақты, халқымыздың сүйікті мерекесімен облыс прокуроры А.С. Майлыбаев Ақмола облысының прокуратура органдарының қызметкерлерін құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, көктемдей жадыраған көңіл-күй тіледі.

Мерекелік іс-шара арнайы әзірленген ұлттық тағамдардан дәм татумен және асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындармен жалғасты.

Асық ату сайысында облыс прокурорының орынбасары Ж.Б. Бердіқұлов жеңімпаз болса, арқан тарту сайысында облыс прокуратурасының ұжымы олжалы болды.

Үздік ұлттық киім сайысында Көкшетау қаласы прокуратурасының бас маманы Г.К. Мыңбаева жеңімпаз атанды.

Барлық жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img