29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №448 қаулысымен креативті индустрияға жататын 12 бағыттан тұратын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі: конференциялар мен көрмелер ұйымдастыру, зергерлік бұйымдар, кино және анимация, кітапханалар мен мұражайлар, мәдени-демалыс мекемелері, мәдени мұра, музыка, сәулет және сән, телевизиялық бағдарламалар, фотосурет, халықтық қолөнер, IT және ойын девлопмент бекітілді.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында креативті индустрия өкілдері «Зергерлік іс», «Музыка», «Мәдени мұра», «Халық қолөнер», «Сәулет және сән» бағыттары бойынша ең көп санын құрайды.
Кездесуге Ақмола облысының сүйек, ағаш, былғары, ұлттық аспаптар, қыш, құрақ көрпе, киіз шеберлері мен зергерлер және суретшілер қатысты.
Кездесу барысында Ақмола облысының ең үздік креативті индустрия өкілдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ақмолалық қолөнершеберлері: Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Шортанды ауданының Құрметті азаматы, көптеген халықаралық және республикалық сайыстардың жеңімпазы, суретші, қолөнер шебері, мәдениет саласының үздігі Бектас Кәрімұлының, кілем, ши тоқу шебері, иірілген жіптен тұскиіз, сырмақ, шашақбау, басқұр, киіз үйдің басқа да әсем жабдықтарын, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттык қолөнер — ши тоқу шебері Смағұл Кенжебай, қыз жасауы, құрақ көрпе, кимешек-ұлттық бас киім тігу шеберлері Қарымсақова Ұлжалғас Қабденқызы, «Kuntai kurak» брендінің авторы Серікжанова Гүлнар, киіз басу шебері, этно-қолөнер шеберханасының жетекшісі Орынбаева Гүлнар Мырзағалиқызы, қыш шебері Саттыбаева Анар Талапқызы, киіз шебері Фризен Вера, Султанова Жибек, Медетова Ғайша домбыра шебері Кадралин Самат Қаршалұлының қолынан шыққан ұлттық аспаптар және атақты көкшелік қылқалам шеберлері Дулат Абдрахманұлы Қоспановтың, Бұрмағанов Манарбек Жұмабекұлының, Быстрицкий Владимир Брониславович, Лосева Наталья Александровна және басқа да суретшілердің төл туындылары қойылды.