ҚР Президенттігіне кандидат М.Қажыкеннің Ақмола облыстық сайлауалды штабының сенімді өкілдері «Степногор машина жасау зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде қызметкерлерге кандидат М.Қажыкеннің сайлау алды бағдарламасы түсіндірілді.
Сондай-ақ, нысаналы топтың ерекшелігін ескере отырып, «Аманат» кәсіподақ ұйымы жұмысының призмасы арқылы жұмысшылардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылды.