Көші-қон заңнамасының бұзушылығы 20 қаңтарда Ақкөл қаласында тіркелді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясының 23 жастағы азаматын анықтады, ол үш жыл бойы іс жүзінде екі мемлекеттің – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының азаматы болып келген.
Мән-жайларды нақтылау кезінде полицейлер 2019 жылы Ресей оқу орнына оқуға түскен қыз Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын, алайда, қазақстандық заңнаманы бұза отырып, ҚР Ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне уақтылы хабарламағанын және Қазақстан азаматтығынан айрылу бойынша тиісті рәсімнен өтпегенін анықтады.
Шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзу). Санкцияға сәйкес құқық бұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылып жіберіледі. Материалдар сотқа жолданды.
Өткен жылы көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың 2760 фактісін анықтады, оның 47-сі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.