Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыРесей мен Украина арасындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортына қалай әсер етеді

Ресей мен Украина арасындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортына қалай әсер етеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс Қазақстанның мұнай экспортына қалай әсер етеді? ҚР Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстелден кейін БАҚ өкілдері Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда бұл мәселе анық емес. Бүгінде біздің мұнайдың көбі Каспий құбыр корцорциумы арқылы өтеді және Қытайға эспорттап жатырмыз. Оның бәрін нақты жағдайларда қарастыру керек. Дәл қазір айқын әсер етіп жатқан ештеңе жоқ», — деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстаннан экспортталатын мұнай екі құбыр арқылы өтеді.

«Атырау-Самар дәлізі бойынша таза Ресейдің «Транснефть» компаниясы арқылы өтетін экспорт бар. Оның көлемі сонша көп емес – 15 млн тонна шамасында. Ең көп экспорт Каспий құбыр концорциумы арқылы өтеді – 53-55 млн тонна. Бүкіл мұнайды басқа бағыттарға аудару деген техникалық жағынан қиындау», — деді Болат Ақшолақов.

Ведомство басшысы екі елдің арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық мұнай экспорттаушылардың неге басқа бағыттарды пысықтамағаны туралы да пікір білдірді.

«Негізгі мұнай экспорты Каспий құбыры арқылы өтетіндіктен бағытты ауыстыру қиын. Өйткені ол теңіз жолы емес, құбыр ғой. Теңіз арқылы Кавказға, Иранға жеткізуге болады. Бірақ ондағы кемелердің қуаты шектеулі. Сол себепті мұны жан-жақты қарау керек. Қазіргі уақытта ешқандай әсері жоқ. Мұнай тасымалы тоқтаған жоқ», — деді Энергетика министрі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...