spot_img
spot_img
9.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

«Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

-Жарнама -spot_img

Бүгін ақмолалық әншілер мен музыканттар хитке айналған әндердің кавер нұсқалары мен жанды дауыстағы вокалдық-аспаптық әуендерді сүйікті көрермендеріне тарту етті.
Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, жастар ұжымдарының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Достар» мәдениет сарайында «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтті.

Вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар ашық алаңда қазақстандық авторлардың жазған сүйікті қаласы туралы әндері мен шетелдік танымал эстрада әндерін орындады.

Қатысушы ұжымдар кезек бойынша өз шығармаларын көрермен назарына ұсынды.
Қатысушылардың өнерін бағалап, әділ бағасын беретін қазылар алқасының құрамына «Қаракөз» ансамблінің жетекшісі, белгілі сазгер – Болат Есмуханов, Сазгер, балаларға арналған әндер жинағының авторы – Ерлан Ташев, «Джарайд» ансамблінің жетекшісі – Құлатаев Мұрат енді.

Тартысты өткен байқау-фестиваль қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:

Гран-при – «Life band» ансамблі (Көкшетау қаласы);

1 орын – «Рабочий квартал» ансамблі (Атбасар ауданы);
2 орын – «Нұресіл» ансамблі (Целиноград ауданы);
3 орын – «Жалын» ансамбліне (Зеренді ауданы) тиеісілі болды.
Бурабай ауданының «Нұрсәт» ансамблі белсене қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Барша қатысушыларды жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img