Четверг, 12 декабря, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотСҚО екі тұрғыны Ақмола облысында есірткі заттарын жарнамалағаны үшін сотталды

СҚО екі тұрғыны Ақмола облысында есірткі заттарын жарнамалағаны үшін сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

2022 жылғы 9 желтоқсанда Ақмола облысының Ерейментау аудандық соты Петропавловск қаласының тұрғындары 21 жастағы жігіт пен 18 жастағы қызҚР ҚК 299-1-бабы 2-бөлігі (алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобындаесірткі құралдары мен психотроптық заттардың аналогтарын заңсыз жарнамалау), сондай-ақ ҚК 296-бабы 2-бөлігі (есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу және сақтау) бойынша айыпталған қылмыстық істі қарады.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарынан ағымдағы жылдың сәуір айында Петропавловск қаласында болған кезде есірткіге тәуелді тұлға болып табылатын 21 жастағы жігітке жеделхат-месенджер арқылы Ерейментау қаласының үйлерінің қабырғаларына «B…» логинін жазғаны үшін жоғары ақы төленетін жұмыс туралы ұсыныс алғаны, әрбір жазба үшін 120 рубль уәде етілгені жөнінде ұсыныс түскен. Осы жұмысқа келісіп, 50 мың теңге алдын ала төлем алғаннан кейін күдікті өзінің 18 жасар дос қызды еріп жүруге шақырды, оған соңғысы келіскен.

Ақмола облысының Ерейментау қаласына келіп, ерлі-зайыптылар қонақүйде нөмір алып, түнгі уақытта тұрғын үйлердің қасбеттеріне жарнама жасау үшін шыққан. Заңсыз әрекеттерді жүзеге асыру барысында күдіктілерді полицейлер ұстады. Барлығы 80-ге жуық жазба жазылған. Жеке тінту кезінде қыздың рюкзагында жігітке тиесілі 4,9 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты бар байлам табылды.

Сот отырысы барысында жігіт есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сатып алу мен сақтаудағы кінәсін толық мойындады, ал қабырғаларға жазу бөлігінде қабырғаларды бүлдіргені үшін ішінара кінәсін мойындады, бірақ бұл жазба есірткі заттарын жарнамалайтынын білмегенін мәлімдеді. Соттан қоғамнан оқшаулануға байланысты жаза тағайындамауды сұрады. Қыз кінәсін мүлде мойындамады.

Алайда күдіктілердің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, бейнебақылау камераларынан алынған материалдармен, сараптамалармен расталды.

Сот үкімімен жігітке 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру, қызға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар жігітке есірткіге тәуелділікті мәжбүрлеп емдеу қажет болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау және қашықтықтан жұмыс істеу тәртібін қолдану жөніндегі қызметінің қорытындысы жасалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Ақмола облысының жергілікті (бұдан әрі - ЖАО) және орталық (бұдан әрі - ОАО) атқарушы органдарының...

2 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардыңқұқықтарынқорғаудыкүшейтугебағытталғантүзетулеренгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға...

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...