Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурызда еліміз бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Бұл күні қалалық және ауылдық автобус маршруттары бар өңірдің елді мекендерінде, сондай-ақ Астана қаласынан қала маңындағы қатынастарда жол жүру тегін болады.
Айта кетсек, автобус маршруттары облыстық маңызы бар қалаларда — Көкшетау, Степногорск, аудандық маңызы бар қалаларда – Ақкөл, Атбасар, Есіл, Ерейментау, Державинск, Макинск, Щучинск, сондай-ақ Балкашино, Зеренді ауылдарында бар.