Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерСандықтауСандықтау ауданында тасқа қашалған ежелгі ескерткіш табылды

Сандықтау ауданында тасқа қашалған ежелгі ескерткіш табылды

Сандықтау ауданының Балкашино ауылы маңынан адам бетінің бедерлі бейнесі — монументалды өнердің ежелгі ескерткіші табылды.

Болжам бойынша, түркі кезеңіне жататын діни рәсімдерді өткізуге арналған қасиетті орын. Бет ерекшеліктері түркі бейнелеу өнеріне тән.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың археолог ғалымы Данияр Тілеуғабылов бұл ескерткішті зерттеп, мемлекеттік қорғауға алды.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы «Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңының 4 — бабына сәйкес, анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары алдын ала есепке алу тізіміне енгізеді және олардың мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалуға жатады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...