Конституциясы күні қарсаңында Сандықтау ауданында Приозерное ауылында ассортименттің басым бөлігі азық-түлік тауарларынан тұратын «Престиж» аралас тауарлар дүкені ашылды.
Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудандағы кез келген нысанның ашылуы маңызды, әрі айтулы оқиға екенін атап өтті.
Дүкеннің ашылуына орай шара қонақтарына 5 000, 15 000, 25 000 теңге көлемінде ақшалай ұтыстар ойнатылды.
Әлеуметтік маңызы бар бұл сауда нысанының ашылуы екі жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Дүкен ауыл тұрғындарын қолжетімді бағамен, сапалы әртүрлі тауарлармен қамтамасыз етеді.