spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыЩучинскіде «Lexus NX20» көлігі жол апатын жасап, екі полицей көз жұмды

Щучинскіде «Lexus NX20» көлігі жол апатын жасап, екі полицей көз жұмды

-Жарнама -spot_img

Жол апаты 2020 жылдың 15 қазанында Щучинск қаласының Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Lexus NX20» көлігі Бурабай аудандық ПБ жергілікті полиция қызметінің «Lada-21214» көлігін соқты.

Салдарынан полиция қызметкерлері, яғни көлік жүргізушісі мен қасында отырған полицей  сол жерде көз жұмды.

«Жол апатына күдікті Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, ол осыған дейін ҚР ҚК 200 және 346 баптары бойынша бұрын бірнеше рет сотты болған. Сонымен бірге, ол 2022 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған», – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Ведомстводан атап өткендей, жол апатына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен ҚР ҚК 345 бабының 4 бөлігі бойынша іс қозғалды.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img