-16.8 C
Kokshetau
-16.8 C
Kokshetau
Бейсенбі
Ақпан, 2

Шортанды ауданында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ашылады

Айдарлар:

Шортанды ауданының Степное ауылында құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жаңа дәрігерлік амбулатория өз есігін айқара ашады. Аталған бағдарлама бойынша нысанда 21 жергілікті тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп, жақын арада нысан пайдалануға беріледі.

«Амбулатория бір ауысымда 25 келушіге есептелген. Бір қабатты ғимаратта барлық қажетті жабдықтар орналасқан: тіркеу орны, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, дәрігерлер кабинеттері, клиникалық және биохимиялық зертханалар және басқа да қолданыстағы нормалармен қарастырылған бөлмелер» – деп атап өтті аудандық аурухананың бас дәрігері Руслан Бутембаев.

Медициналық мекемені ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау нысаны жұмыс істей бастағаннан кейін жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен тапшы мамандар қажет болады. Қазіргі уақытта «Енбек.КЗ» порталында медициналық жоғары оқу орындарының түлектерімен еңбек шарттарын жасау үшін жұмыс жүргізілуде.

«Мұнда жалпы 13 маман жұмыс істейтін болады. Штаттық кестеге сәйкес оның ішінде 3 дәрігер және 7 орта медициналық қызметкер. Емшара кабинетінің зертханашысы, акушер және медбикесі. Округте тіркелген халықтың жалпы саны 5 мың адамды құрайды», – деп толықтырды бас дәрігер Бутембаев Р.Д.

Аурухана пайдалануға дайын, соңғы нүктесін қоятын – құқықтығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу қалды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілген барлық жоспарлардың жүзеге асырылуы – ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен көмек болып отырғанын айта кеткен жөн.

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар