spot_img
- Жарнама -spot_img
2.2 C
Kokshetau
үйӨңірлерЕрейментауСпортқа ден қойған ақмолалықтардың саны күннен-күнге артып келеді

Спортқа ден қойған ақмолалықтардың саны күннен-күнге артып келеді

-Жарнама -spot_img

Өңірде бұл үшін бар жағдай жасалуда. Мәселен, жуырда Ерейментау ауданында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасы аясында аудан тұрғындарына түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Кең ғимаратта спорттың сан түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Қаланың ересектері мен балалары, жасөспірімдері осы орталыққа барып, демалып, денсаулықтарын шыңдай алады. Ол үшін спорттық кешенде барлық жағдай жасалған.

Кешен ғимараты бірнеше бөліктерден тұрады. Орталықтың астыңғы қабатында үлкендерге және балаларға арналған екі үлкен су бассейні және волейбол, баскетбол және шағын футболға арналған үлкен зал орналасқан.

Үстіңгі қабатта күрес залы және жаттығу залдары бар. Жаттығу залында дене шынықтыруға арналған көптеген заманауи құрылғылар орнатылған. Бұдан бөлек ғимарат ішінде жуынатын душ, киініп-шешінетін бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, дәрігерлік бөлме, т.б. орналасқан.

Кешен іші түгелдей жихаздармен, қажетті құралдармен жабдықталған. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануға осындай орталықтың тигізер ықпалы мол болары сөзсіз.

#AMANATпартиясы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img