Бүгін, 28 қыркүйек күні Степногорск қаласының өрт сөндіруші-құтқарушыларына Степногорск қаласы, 9 шағын аудан мекен-жайы бойынша пәтерге кіру үшін полиция қызметкерлеріне көмек қажет екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Келген бойда 5 қабатты үйдің 2-ші қабатында ішінен жабылып, есікті аша алмайтын кішкентай балалар бар екені белгілі болды. 3-МӨСБ кезекші ауысымы жағдайды бағалап, полиция қызметкерлерінің қатысуымен үш иінді баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, балаларды құтқарды.
«Ағасы мен қарындасы екі-үш жаста болса да, балалардың бізден қорықпағаны қуантады. Ата-аналарға балаларға өрт сөндірушілер туралы бұрын айтқандары үшін рахмет, өйткені олар форманы көріп, жыламады. Ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз, бұл жолы барлығы сәтті аяқталды, бірақ жиі балалар қызығып, жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнайды, мұндай кездерде қайғылы жағдай орын алуы мүмкін» – деді Степногорск қаласының 3-МӨСБ аға инженері Ахетов Руслан.
Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын, балалар көбінесе сіздерге еліктейді. Отпен қарым-қатынаста өте сақ болыңыз және балаларға отпен ойнаудың қандай қауіп төндіретінін түсіндіріңіз. Жалғыз қалған балалар еріксіз өрт туындауына себепкер болулары мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!