Судан астанасы Хартумда әскер мен жедел әрекет ету күштері арасындағы атыс пен қақтығыстар тоқтамай тұр. Артиллерия мен әуе күштері қолданылуда. Атыс елдің басқа қалаларында да жүріп жатыр, деп хабарлайды еuronews.сом
Судан дәрігерлері қауымдастығының мәліметінше, қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны-56 адам, жараланғандар саны-595. Алайда, бұл әлі нақты мәлімет емес, сарбаздардың шығыны белгісіз екені айтылуда.
Бұған дейін вице-президент генерал Дагалоға есеп беретін арнайы күштердің өкілдері ел астанасындағы бірқатар маңызды нысандарды, соның ішінде президент сарайын басып алғанын мәлімдеді. Ал ел үкіметінің басшысы генерал Әл-Бурхан болса, мұны жоққа шығарып отыр.
Бақылаушылар жанжалға Судан Қарулы күштерінің құрылымына жедел әрекет ету күштерін біріктіру және биліктің әскери күштерден азаматтық күштерге ауысуы себеп болып отырғанын айтуда.